МЕРЕЙІ БИІК МЕРЕКЕ

252

0

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қызылорда қаласында бірқатар шара ұйымдастырылды. 

Кеше Мемлекеттік рәміздер аллеясында Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшыларының, сала ардагерлерінің және департаментке қарасты мекеме қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті. Салтанатты шара қызметкерлердің Мемлекеттік Туға сап түзеп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Департамент бастығы, әділет полковнигі Ғанибек Отарбаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, рәміздер туралы  баяндама оқыды. Сала ардагері Тұрсынбай Баймаханов мерекелік лебізін жеткізді.

Осы күні Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты мәдени шара өтті.

Қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов қатысушыларды құттықтады. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Меңлібаев және каратэ-додан 3 дүркін Азия, 3 дүркін Әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай өз лебіздерін білдірді.

Шара соңында патриоттық әндер орындалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<