Министрліктер үйінің жанында ер адам өзін-өзі өртемек болған

400

0

Министрліктер үйінің жанындағы Мәңгілік ел көшесінде ер адамның өзін-өзі өртемек болған әрекетін қалалық ПД-ның жедел басқару орталығындағы қызметкерлер бейнебақылау камералары арқылы байқап қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

– Семейде шығарылған сот үкімімен келіспеген 37 жастағы ер адам өзін-өзі өртеп жібермек болған. Оқиға куәгерлері мен полицейлер қайғылы жағдайды болдырмады, – деп жазды Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram арнасы.

Оған медициналық көмек көрсетілді. Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<