Мирамкүл Бибітова: Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалуы тиіс

731

0

Елімізде пандемия кезінде баланы қашықтан оқыту, қашықтан жұмыс істеу ұғымы пайда бола бастаған еді. Осыған байланысты төтенше жағдайда (соғыс жағдайы, төтенше жағдай жарияланған кезде, карантин немесе басқа да шектеулер қойылған жағдайда), сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да ерекше жағдайларда мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыру үшін мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтарға өзгерістер енгізілді.

«Жаман айтпай жақсы жоқ». Енгізілген өзгеріске сәйкес егер де осы аталған жағдайлар туындайтын болса мемлекеттік қызметшілердің қашықтан немесе аралас қашықтан жұмыс істеуіне құқық берілген. Елімізде пандемия кезінде баланы қашықтан оқыту, қашықтан жұмыс істеу ұғымы пайда бола бастаған еді. Елімізде пандемия кезінде баланы қашықтан жұмыс істеу пайда бола бастаған еді. Осыған байланысты төтенше жағдайда (соғыс жағдайы, төтенше жағдай жарияланған кезде, карантин немесе басқа да шектеулер қойылған жағдайда), сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да ерекше жағдайларда мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыру үшін мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтарға өзгерістер енгізілді. «Жаман айтпай жақсы жоқ». Енгізілген өзгеріске сәйкес егер де осы аталған жағдайлар туындайтын болса мемлекеттік қызметшілердің қашықтан немесе аралас қашықтан жұмыс істеуіне құқық берілген.

Жұмыс режимін өзгертуге себеп болған жағдай жойылғанша жұмыс берушінің актісімен мемлекеттік қызметшіге қашықтан немесе аралас қашықтан жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі. Алайда, жұмыс беруші оның лауазымдық нұсқаулықтарын орындауға бар жағдайды жасауы тиіс. Атап айтқанда, қажетті құрал-жабдықтармен (компьютер, ноутбук, т.б.), ақпараттандыру объектілері мен байланыс қызметтерімен қамтамасыз етеді және орнатады.

Мемлекеттік қызмет заңдылықтарына енгізілген тағы бір ұғым бұл-икемді жұмыс уақыты. Икемді жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына байланысты берілуі мүмкін. Мәселен, баласын емдеу орталықтарына, балабақшаға немесе мектепке апару уақыттары жұмыс уақытымен сәйкес келмеген жағдайда. Ол үшін қызметші өтініш береді, тиісінше мекеме басшысы өтінішті он жұмыс күні ішінде қарап, шешім қабылдайды. Бұл жұмыс режимін қолдану 6 ай мерзімге қарастырылған, тараптардың екеуара (жұмыс беруші мен мемлекеттік қызметші) келісімі болған жағдайда мерзім ұзартылуы мүмкін. Дегенмен, жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан (немесе күніне 8 сағаттан) аспауы тиіс. Қазіргі таңда облыста 8 мемлекеттік қызметші осы икемді жұмыс режимімен жұмыс істеп жатыр.

Тағы бір енгізілген өзгеріс – Мемлекеттік органға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтың бекітілуі. Аталған нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік органдарға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу белгіленген. Мониторинг жүргізудің мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тартудың алдын алу, икемді жұмыс уақыты режиміне, сондай-ақ қашықтықтан немесе аралас қашықтықтан жұмысқа тартуда тиісті талаптардың сақталуы. Жалпы үстеме жұмысқа тарту үшін біріншіден мемлекеттік қызметшінің жазбаша келісімі қажет және ол жұмыс берушінің актісімен рәсімделуі тиіс. Үстеме жұмыс уақыты айына 12 сағаттан аспауы керек. Үстеме жұмысқа жұмыс уақытынан тыс уақытта және демалыс пен мереке күндері тартылған мемлекеттік қызметшіге қосымша ақы төленеді немесе мемлекеттік қызметшінің қалауы бойынша оған басқа күні демалыс сағаттары беріледі. Үстеме жұмысқа жұмыс берушіге жүктілігі барлығы туралы анықтама ұсынған жүкті әйелдер, мүгедектігі бар адамдар жіберілмейді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен жүргізілген мониторинг нәтижесінде 3 мемлекеттік органның 14 мемлекеттік қызметшісі жұмыс уақытынан тыс үстеме жұмыстарға тартылғандығы анықталды. Нәтижесінде мекеме басшыларына ұсыныстар жолданылып, үстеме жұмыс сағаттары үшін мемлекеттік қызметшілерге басқа күндері демалыстар берілді. Осылайша олардың бұзылған құқығы қалпына келтірілді.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырғаны үшін жұмыс берушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 89 бабымен ескерту жасау түріндегі әкімшілік шара көріледі. Егер әкімшілік шара көрілгеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасаса жұмыс берушіге 40 айлық есептік көрсеткіш, яғни 138 000 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Дегенмен де, мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тартпас бұрын жұмыс берушілер әрбір мемлекеттік қызметшінің артында отбасы құндылықтарын сақтау, оның ішінде бала тәрбиесімен айналысу міндеттері тұрғанын да ұмытпағандары жөн.

Мирамкүл Малайқызы Бибітова,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<