Молшылық мерекесіне 35 тоннаға жуық өнім әкелінді

146

0

Фото: Арал ауданы әкіімдігі

Кеше Арал қаласындағы «Арзан маркет» сауда үйі маңында тауар өндірушілердің өнімдерін тікелей халыққа жеткізу әрі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Молшылық мерекесіне 35 тоннаға жуық өнім әкелінді
Фото: Арал ауданы әкімдігі

Айта кетейік, жәрмеңкеге барлығы 35 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері әкелініп, нарық бағасынан 15-20 пайызға арзандатылып, жергілікті халыққа ұсынылды.

Молшылық мерекесіне 35 тоннаға жуық өнім әкелінді
Фото: Арал аудан әкмдігі

Оның ішінде 1,2 тонна ет өнімдері, 80 литр шұбат, 3 тонна мұздатылған, 10 дана ысталған балық өнімдері, 30 тонна көкөніс, ұн және азық-түлік өнімдері аудан тұрғындарына ұсынылды.

Жиналған халық жәрмеңкеге шығарылған ауылшаруашылығы өнімдерін ұсынған ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізіп, осындай шаралардың әрдайым жалғасын табуына тілектестік білдірді.

Молшылық мерекесіне 35 тоннаға жуық өнім әкелінді
Фото: Арал ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<