Мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселелері қаралды

364

0

Б.Момынбаев атындағы №278 мектеп-лицейінде мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселелері бойынша сала мамандары мен «Шуақты бөбек» қоғамдық қоры мүшелерімен кездесу өтті.

Аталған жиынға Қызылорда облысының білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет және спорт, энергетика, ТКШ басқарма басшыларының орынбасарлары, жауапты сала мамандары мен «Шуақты бөбек» қоғамдық қорының мүшелері және ата-аналар қатысты.

Кездесу барысында «Шуақты бөбек» қорының президенті Ж.Рысдаулетова өңіріміздегі мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты мәселелерді қозғап, сала мамандарына бірқатар сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналардың ұсыныстары бойынша осы балаларға көрсетілетін әлеуметтік қызметтер, денсаулық, білім беру, тұрғын үй мәселелері, спорттық нысандардың қолжетімділігі бағытындағы сұрақтарға сала мамандары заң аясында түсіндірме жүргізіп, алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстар барысы талқыланды.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<