Музыкалық оркестрлер мен ансамбльдер шеруі өтеді

375

0

Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен  Қызылорда облысының білім басқармасы Халықаралық балаларды қорғау күні (ағымдағы жылғы 1 маусым) Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруін өткізеді.

Музыкалық шеру – бұл біздің еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін кең көлемді республикалық акция. Шерудің мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында іс-шараларды іске асыру жағдайында және рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру факторы ретінде оқушылар мен студенттердің шеруін, көшеде фестивальдің жүріп өтуін қолдау және дамыту.

Шерудің міндеттері балалар мен жастардың музыкалық мәдениетін арттыру ғана емес, өзінің білім ұйымына мақтаныш және қатыстылығын қалыптастыру. Республика бойынша бұл шеру екінші рет өткізілгелі отыр. Шеру «Достық» Үйінен  бастау алып, орталық алаңда жалғасатын болады.

Бұл күні бір уақытта әр облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және Астананың орталық көшелерінде барабаншылар отряды, үрлемелі оркестрлер мен ансамбльдер, мажореткалар, черлидерлер, хор және би ұжымдары жүріп өтеді.

Шеру – музыкалық ұжымның әр қатысушы үшін көркем-эстетикалық дамудың түрі, балалардың, педагогтер мен ата-аналардың шығармашылық жетістіктерін көрскен орасан зор мүмкіндік.

Шеруге облыс бойынша 14000 жуық оқушы қатысады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<