Нокаутқа түскен әлемнің экс-чемпионы 37 жасында көз жұмды

585

0

Әлемнің экс-чемпионы мексикалық Мойзес Фуэнтес 37 жасында өмірден озды. Бұл қайғылы жаңалықты Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті (WBC) Маурисио Сулейман әлеуметтік желіде хабарлады, – деп жазады aikyn.kz.

«Мойзес Фуэнтес өмірден өтті. Ол соңғы демі қалғанша айқасатын нағыз батыр еді. Оның отбасы мен достарына қайғырып көңіл айтамыз», – деп жазды Сулейман твиттер парақшасында.

Фуэнтес жеңіл салмақта 25 жекпе-жек өткізіп, оның 14-ін нокаутпен аяқтаған еді. 2011 жылы отандасы Рауль Гарсияны жеңіп WBO белбеуін иеленді.

2021 жылдың қазан айында Фуэнтес тағы бір отандасы Давид Куэльярамен айқасып, 6 раундта нокаутқа түсті. Нәтижесінде комаға түсіп сол күйі есін жимады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<