«Нұр Әлем» Түркия туының түсіне боялды (видео)

527

0

Фото: Ашық дереккөз

Астанада 8 ақпанда «Нұр Әлем» шары түрік туының түстеріне боялды. Осылайша қазақстандықтар жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен түрік халқына тілекші екенін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 ақпанда Әзербайжанда Бакудің сәулеттік символдарының бірі – Гейдар Әлиев орталығы түрік туының түсіне боялды.

6 ақпанда Түркияда бірнеше күшті жер сілкінісі болды. Кейінірек Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 7,8 болатын тағы бір күшті жер сілкінісі тіркелді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркиядағы жер сілкінісінен 12 391 адам қаза тапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<