Қоғамдық бақылау жүргізілді

419

0

Қоғамдық бақылау жүргізілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2018 жылдың І жартыжылдығына бекітілген «Жасырын сатып алушы» тәсілімен қоғамдық бақылау жүргізу іс-шарасының жоспарына сәйкес, денсаулық саласы қызметіне инспекциялау мен бақылау жүргізу көзделген.
Департамент қызметкерлері қоғамдық ұйым өкілдерімен Қызылорда облысының амбулаториялық емханалық қызметі бар Сырдария және Жалағаш аудандық орталық ауруханалары, Қызылорда қалалық №1 емхана қызметтеріне қоғамдық бақылау және инспекциялау жұмыстарын жүргізді.
Инспекциялау барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының талаптарына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасалғаны байқалды. Атап айтқанда, ғимараттарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға пандустары, қызметкерді шақыру қоңырауы, қызмет алушыларға күту орындары қарастырылған. Дегенмен, жасырын тұтынушы қалалық №1 емханасына «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жазылғанымен, уақытында кіре алмаған. Сондай-ақ, амбулаториялық емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасының қызметкері «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша артық құжаттар сұратқан. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті сала басшысына берілген ұсынымдар негізінде жауапты мамандардың тәртіптік жауапкершіліктері қаралып, бүгінгі күні барлығы орындалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<