Облыс әкімі Қармақшы ауданының тұрғындарын жеке мәселелермен қабылдады

741

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданына жұмыс сапары кезінде аудан халқымен кездесіп, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады.

Қабылдауға барлығы 60-тан астам азамат келді. Олардың өтініш-тілектері негізінен баспана алу, денсаулық, білім салаларының, жұмысқа орналасудың мәселелеріне, т.б. байланысты болды. Тұрғындарды толғандыратын ой-пікірлерге орай аймақ басшысы жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді. Көтерілген мәселелердің әрқайсысы жіті зерделеніп, жан-жақты талданады. Содан кейін заң аясында шешім қабылданбақ.

Тұрғындар құқық қорғау органдары басшыларының қабылдауына негізінен өздерін толғандырған мәселелердің заңдық тұрғыда қалай шешілетінін білуге келеді. Бүгінгі қабылдауда олар барлық сауалдарына толыққанды жауап пен маман кеңесін алды.

«Аймақ басшысының қабылдауында болып, ұзақ жылдар бойы өзім қызмет еткен білім саласындағы жаңалықтарды, өзімді қызықтыратын сұрақтардың жауабын білдім. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша жаңа білім ордалары салынатынына қуандым», – деді аудан тұрғыны, ардагер ұстаз Роза Қыпшақбаева.

«Облыс әкімінің жеке қабылдауында «Жосалы-Жалағаш» ішкі жолының жағдайы туралы айттым. Өткен жылы Сырдария өзенінде су деңгейі көтеріліп, жолды шайып кеткен болатын. Аймақ басшысы тиісті тапсырмалар беріп, жолды жөндеуге қаржы бөлінгенінен хабардар етті», – дейдi аудан тұрғыны Қуаныш Төреев.

Осындай форматтағы жеке қабылдаулар алдағы күндері барлық ауданда өткізілмек.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<