Облыс әкімі жаңа нысандар құрылысымен танысты

162

0

Фото: Облыс әкімдігі

Сенбі күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала аумағындағы жаңадан салынып жатқан нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты.

Алдымен аймақ басшысы сол жағалауға «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтеретін 900 орындық мектептің құрылыс алаңына барды. Келісім-шарт құны 5 млрд теңгеден асатын білім ордасының құрылысы өткен жылы басталған болатын, бас мердігер – «СК Дәнекер» ЖШС.

Еске салсақ, биыл облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 11 нысан бой көтермек.

Келесі нысан – 300 орынға арналған жатақханасы бар 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп-интернат. Заманауи ғимараттың іргетасы өткен жылы шілде айында қаланды, «Білімді қолдау қоры» есебінен салынуда.

Мұнан кейін облыс әкімі «Қан орталығына» барды. IV санатты, жылына 500-10000 донацияға арналған орталық құрылысы 2022 жылдың тамыз айында басталды, жоба-сметалық құны – 2,85 млрд теңге.

Әрі қарай Нұрлыбек Машбекұлы «Оқушылар сарайының» құрылысымен танысты. 350 орындық екі қабатты ғимараттың айналасына саябақ және демалыс аймағы салынады, нысан тамыз айында ел игілігіне табысталмақ.

Аймақ басшысы мердігерлерге құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<