Облыс прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды

744

0

Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары болып аға әділет кеңесшісі Төлегенов Исламбек Тынарбайұлы тағайындалды.

Төлегенов Исламбек Тынарбайұлы прокуратура органдарындағы қызметін 1998 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданыпрокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Әрі қарай Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім бастығы, облыстық прокуратураның басқарма бастығының орынбасары, Сырдария, Шиелі аудандарының прокуроры, Қызылорда қаласы прокурорының орынбасары, облыстық прокуратураның кадр жұмысы басқармасының бастығы, Бас Прокурордың аға көмекшісі қызметтерін атқарған.

2020 жылдан бастап бүгінгі күнге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Өтініштермен жұмыс және іс жүргізу департаментінің Азаматтарды жеке қабылдау басқармасының бастығы лауазымын атқарған.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 24 жылдан астам.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<