Облыстың бас дәрігері партия алаңында азаматтарды қабылады

397

0

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов партия алаңында жеке  қабылдау өткізді.

Бас дәрігердің қабылдауына алғаш болып келгендердің бірі қала тұрғыны Қарлығаш Бегімбаева. Ол жолдасының грыжа сырқаты салдарынан беліне екі мәрте ота жасалып, темір салынғанын айтты. Сонымен қатар ешбір жұмысқа жарамағандықтан мүгедектікке шығаруға мүмкіндік жасауға ықпал етуін сұрайды.

Бұған жауап ретінде басқарма басшысы  Сәбит Пазылов беліне темір салу дамыған медицинаның  жетістігі, ол салынғаннан кейін адам тез жүріп кетуге мүмкіндігі барын атап өтіп, өтінішіне сәйкес тағы да тексертіп, уақытша мүгедектік беруге қандай мүмкіндік барына ықпал ететінін жеткізді.

Ал, Айман есімді қала тұрғыны екі бірдей баласының мүмкіндігі шектеулі екенін айтып, оларды басқа қалаға алып барып емдетуіне қаржылай көмек сұрады. Осыған ұқсас өтінішпен Қанатбаева Кенжегүл есімді азаматша да партияға жүгінді.

Бас дәрігер Қазақстанда емдеу мүмкіндігі және тиісті мамандар болмаса ғана шетелге квота берілетіндігін түсіндірді. Алайда бүгінгі таңда Тасбөгеттегі балалар ауруханасында тиісті емдеу аппараттары бар, соған барып балаларын көрсетіп, емдетуді ұсынды және өзінің тікелей бақылауына алып, көмектесетітін атап өтті.

Қала тұрғыны Перизат Асанова болса, 16 жастағы баласының бір құлағы естімей №6 емханаға барғынында дәрігерлер 18 жасқа толған кезде қайта қарайтынын айтып, қайтарып жібергеніне шағымданды.

Бас дәрігер №6 емхананың бас дәрігерінің орынбасарына сол жерде дереу хабарласып, баланы тексеріп, нәтижесін өзіне баяндауды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<