Облыстық сотта тренинг өтті

212

0

Фото: Облыстық сот

Бүгін Қызылорда облыстық сотында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін азаматтық сот ісін жүргізуде қорғау мәселелері бойынша тренинг өтті.

Оған облыстық соттың судьялары, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары, аудандық соттардың судьялары, Қызылорда облысы прокуратурасының, қорғаншылық және қамқоршылық органының, адвокаттар алқасының, медиация орталығының өкілдері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары қатысты.

Шара барысында Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Текетаев кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға байланысты істерді қараудың ерекшеліктері туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі жедел уәкілдің өкілі Д.Шәріпбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Ж.Исаева балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық негіздері бойынша баяндама жасады. Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<