Оқушыларға өрт  қауіпсіздігі таныстырылды

175

0

Жастармен балаларды қызметтің ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері оқушылар үйінде танымдық іс-шара өтті.

Шараның  басты мақсаты балалардың өрт қауіпсіздігі туралы білімін арттыру және төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.

Іс-шара барысында оқушыларға өрттің алдын алу ережелері түсіндіріліп, өрт сөндіру техникалық жарақтарымен арнайы көрме ұйымдастырылды.

Қатысушыларға арнайы киімдер мен өрт сөндіру құралдары және өрт сөндіру автокөлігінің жұмысы таныстырылып, қауіпсіздік шаралары туралы кеңінен ақпарат берілді.

Оқушыларға өрт  қауіпсіздігі таныстырылды