«Ордабасы» командасы «Қайсарды» ірі есеппен жеңді

593

0

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 8-турында «Ордабасы» «Қайсардан» басым түсті.

Кездесу барысында алаң иелерінің басымдығы байқалып тұрды. Ойынның бірінші кезеңінде, 37-минутында «Ордабасы» сапынан Асхат Тағыберген көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Екінші кезеңде алаң иелері сапынан Бобур Абухаликов 52, Темірлан Ерланов 76-минутта гол соқса, 92-минутта Айбар Жақсылықов қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша, «Ордабасы» қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, бүгін «Тобыл» өз алаңында «Қайратқа» жол берді.

Сондай-ақ, «Астана» командасы «Мақтаралдан» басым түсті.

Ал, 7 мамырда «Жетісу» (Талдықорған) мен «Оқжетпес» (Көкшетау), «Каспий» (Ақтау) мен «Атырау», «Шахтер» (Қарағанды) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары ойнайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<