ОСК: Сайлауда фото, аудио немесе видеожазбаға тыйым салынбайды, бірақ бәрі заңға сай болуы керек

585

0

Орталық сайлау комиссиясының қаулысы фото, аудио және бейнежазбаны жүргізуге тыйым салмайды. Алайда олардың бәрі де дауыс беру құпиясын және сайлаушылардың дербес деректерінің қорғалуын ескере отырып жүргізілуі тиіс екенін ескертеді. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықов осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Фото, аудио, бейнетүсірілім бақылаушыға сайлау процесінің барысын объективті бағалауға, азаматтық, қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелер ретінде пайдалану үшін ықтимал заң бұзушылықтарды тіркеуге мүмкіндік береді. Егер олар заңнамада көзделген талаптарды сақтай отырып жүргізілсе – рұқсат. Бұл ретте байқаушылар бұзушылықтар туралы өз тұжырымдарын нақты және тексерілетін дәлелдемелерге негізделуі тиіс екенін ескерген жөн», – деді бүгінгі ОСК отырысында Серік Сыдықов.

Осылайша, түсірілген фото, бейне, шығарылған аудиожазбалар іс-әрекеттерге арнайы баға беруде уәкілетті органдардың дәлелі ретінде пайдаға жарауы тиіс. Егер байқаушы фото, аудио, бейнетүсірілімді жариялағысы келсе, онда байқаушы ҚР Азаматтық кодексінің (145 бап) талаптарын сақтауы тиіс.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<