Отбасы тәрбиесінің темірқазығы

36

0

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісін – «Әкелер күні» болып мерекелік күнтізбеге енгізу отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етіп келеді.

Жалпы отбасының беріктігі ер-азаматқа тікелей байланысты. Халқымызда әкені ерекше құрметтеп, мәртебесін жоғары қою дәстүрі қалыптасқан. Отбасы құндылықтарын сақтай отырып, бала тәрбиесіндегі әке рөлінің маңызын көрсету, әке мен баланың өзара қарым-қатынасын нығайтуда бұл күннің маңызы ерекше. Өйткені әке – отбасы үшін күш-қуаттың, даналық пен жауапкершіліктің қайнар көзі. Баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін рухани тірек.

Елімізде әкелер институтын да­мыту – отбасылық және ген­дер­лік саясаттың маңызды бағыты. Бұл міндет 2030 жылға дейінгі от­басылық гендерлік саясат тұжы­рым­дамасында кө­рініс тапқан және осы бағыт­та нақты шаралар қабылда­нуда. Әкелер инсти­тутын қолдау үшін түрлі іс-шаралар ұйымдас­ты­рылады.

2012 жылдан бері респуб­ликалық «Әкелер одағы» қоғам­дық бірлестігі табысты жұмыс істейді.  Оған бар­лық өңірдегі белсенді әкелер бі­рік­кен.  Мәселен, мек­теп жаны­нан әке­лер кеңесі, клуб­тар құрылып, олар отбасы мен бала тәрбиесіне белсенді қа­тысып келеді. Осылайша «Әке­лер одағы» бірқатар ма­ңыз­ды жобаны жүзеге асы­ру­да. Бұдан бөлек, отба­сы құн­ды­лықтарын нығайту мен тәжі­рибе алмасуға мүмкіндік бере­тін республикалық форум өткі­зі­леді. Онда елдің түкпір-түкпірінен белсенді азаматтар мен әкелер бас қосып, бала тәр­биесіне қатысты өзек­ті мә­се­лелер талқыланады.

Өңірде қоғамдық бірлестік­тің филиалы құрылған еді. Негізгі мақ­саты – отбасы жә­не ұлттық құн­ды­лық­тарды дә­ріптеу. Ер балаларға бо­лашақта әке міндетін ұғындыру және бала тәрбиесіне араласуына оқу орындарымен байланыста бо­лып ықпал жасау. Филиал отбасы тақы­рыбында түрлі же­місті жоба­ларды жүзеге асы­рып келеді.

Айтулы күн аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастыру дәс­түрге ай­налған. Мәселен «От­басы орталы­ғында» «Адырна» бенефис шоуы өтеді. Шара үш бөлімнен тұрады. «Әке – бала тағдырындағы тұғыр» ке­зеңінде өздерін танысты­рады. Ал «Әке – тірек, бала – тілек» бөлімінде өнерін ортаға салса, «Әке мен ба­ла: жүректен жүрекке» кезеңінде ба­ласы әке­сіне қолдан жасалған сый­­лық  ұсынады. Сондай-ақ өнер­лі от­ба­сылар ән-жырдан шашу ша­шып, қо­нақтарға әсерлі кө­ңіл-күй сый­лайды.

Айта кетейік, «Әкелер кү­ні­не» орай облыс орталығы мен бар­лық аудандарда түрлі форум, көңіл­ді спартакиада, жиындар және таным­дық кез­десулер өтеді.

Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы»