Партия алаңында қабылдау өткізді

643

0

Бүгін облыстық «AMANAT» партиясының алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға келушілер «Жалпыға міндетті білім беру» қоры есебінен көрсетілетін көмек пен жұмысқа қабылдау мәселелерін көтерді. Міндетті оқу қоры есебінен көрсетілетін қаржылай көмек тек арнайы 5 санаттағы отбасыларға берілетіндігі және жұмысқа орналасу жаңа ережеге сәйкес конкурс арқылы жүргізілетіндігі түсіндірілді. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиешілер және ата-аналардың балабақшаларға қатысты бірқатар өтініштері мен мәселелері тыңдалды.

Басқарма басшысы балабақшаларға қатысты көтерілген мәселелеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіліп, оңтайлы шешілуіне білім бөлімдеріне тапсырма берілетіндігін жеткізді.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<