Петропавл тұрғыны Tartyl Fest фестивалінде сүйіктісіне сөз салды

342

0

Петропавлда Tartyl Fest республикалық спорт фестивалінің қатысушысы сүйіктісіне сайыс барысында сөз салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Tartyl Fest турникке тартылудан республикалық фестивалі ҚР Президенті жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қоры» қоғамдық қорының қолдауымен өтіп жатыр. Петропавл қаласында бұл сайыс мемлекеттік символдар алаңында ұйымдастырылды. Оған қатысуға 400-ден астам адам тіркелген. Ең жас қатысушы 7 жаста, ең егде қатысушы 75-те.

Турнир барысында Никита Олейник есімді қатысушы сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасап, сөз салды.

Өзінің айтуынша, Никита Олейниктің стритлифтингтен 60 келі салмақ санаты бойынша Әлем чемионы атағы бар. Халықаралық деңгейдегі спорт шебері Tartyl Fest сайысында турникке 42 рет тартылды.

Айта кетейік, Қостанайдағы Tartyl Fest фестивалінде 51 жастағы қатысушы рекордты жаңартып, турнике 45 рет тартылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<