Қала әкімінің құттықтауын табыстады

440

0

Бүгін қала әкімінің аппарат басшысы Жасұлан Абатов «Сыр медиа» серіктестігінде болды. Онда ол «Сыр бойы» ұжымын «Үркер» ұлттық сыйлығын алуымен құттықтап, шаһар басшысы Асылбек Шәменовтің арнайы Құттықтау хатын табыстады.

– Сіздерді дәстүрлі «Үркер» Ұлттық бәйгесінде топ жарған жарқын жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, – деді Ж.Абатов.

Алашқа ана болған қасиетті өңірдің тамыр бүлкілімен біте қайнасып жатқан қазыналы қарт шежіреші, аймақтың ата басылымы – Сыр бойының бұл биігі еліміздің ақпарат саласындағы лайықты орнын тағы бір мәрте айқындап бергендей.

– Алғашқы саны Қызылорда қаласында жарық көрген басылымның шаһардың төл мерекесі мен облысымыздың 85 жылдық мерейтойына жасаған тартуында символикалық мән бар деп ойлаймын. Жылдан жылға беделі артып, оқырманның олжасын толықтырған басылым дәстүрлі жолы, басты ұстанымынан айнымай, Сыр елінің жылнамасын жаза берсін! Сөз қадірін қастерлеген барша шығармашылық және техникалық топқа еңбекте абырой, толымды табыс, отбасыларына бақ-береке тілеймін, – делінген қала әкімінің құттықтауында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<