Қар, боран және көктайғақ: Қазақстанның 16 өңірінде және Астанада ескерту жарияланды

461

0

Астанада және еліміздің 16 облысында қалың қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады және боран соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-
батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы
аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, таңертен және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақытта 30 м/с және одан асуы мүмкін.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, тұман түседі.Қарағанды облысының күндіз шығысында қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі.
Астанада түнде бұрқасын және көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын.

Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с. Көкшетауда жолда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында күндіз бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысыныңсолтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, Алакөл көлі ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда таңертең және күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аймағында қатты жаңбыр жауады. Күндіз таулы аудандарда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 23-28 м/с.

Шымкент қаласында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, жолда көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын болуы мүмкін. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, күндіз 3-8 градус жылы болады. Өскеменде жауын-шашын, жолда көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, күндіз 3-8 градус жылы болады. Өскеменде жауын-шашын, жолда көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 17-22 м/с.Абай облысында жауын-шашын, жолда көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, батысында бұрқасын болуы ықтимал. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-3 градус жылы, күндіз 3-8 градус жылы болады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 23-28 м/с.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<