Қармақшыда жаңа киімдер дүкені ашылды

401

0

Бүгін Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде «Мега Планета» атты  киімдер дүкенінің ашылу салтанаты өтті.

Іс шараға аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы қатысып, көпшілікті жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, ауданда елімізге танымал дүкендер желісі өздерінің сауда орындарын ашып, кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келе жатқандығын тілге тиек етті.

Сонымен бірге іс-шараға қатысқан ардагерлер өздерінің ізгі лебіздерін білдіріп, баталарын берді.

Аталмыш дүкенде түрлі үлгідегі киімдермен қатар тұрмыстық тауарлар тиімдібағада сатылмақ.

Дүкен иесі іс-шара соңында  қайырымдылық акциясын ұйымдастырып,  15000 теңгелік 15 сертификатты тұрмысы төмен отбасыларға табыстады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<