Қазалыда есептегі азаматтар музей экспонаттарымен танысты

3

0

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай Қазалы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар аудан орталығындағы «Руханият орталығына» барып, тарихи-танымдық экскурсияға қатысты.

Іс-шара барысында есептегі азаматтар орталықтағы музей залдарын аралап, аудан тарихынан сыр шертетін құнды экспонаттармен танысты. Мұражай қызметкерлері есептегі азаматтарға экспозициялық залдардағы жәдігерлер туралы жан-жақты мәлімет беріп, музейде сақталған рухани мұралардың маңызын кеңінен түсіндірді.

Шара соңында есептегі азаматтар музей ұжымына алғыстарын білдіріп, тағылымы мол кездесуден жақсы әсер алғандарын жеткізді.

– Музейдегі құнды экспонаттарды көріп, аудан тарихымен жақынырақ таныстық. Бүгінгі шарадан жақсы әсер алдық. Осындай тағылымы мол шаралар адамға ой салып, рухани тұрғыда серпіліс береді. Ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз, — деді есептегі азамат.