Қазақстан телеарналарында хабар тарату қашан қалпына келтіріледі

411

0

Қазіргі кезде «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ұлттық операторы ғарыш аппаратын жасаушы «М.Ф.Решетнев атындағы ақпараттық жерсерік жүйесі» АҚ-мен бірлесе сервистерді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таратылған мәліметке қарағанда, байланыс және телеарна хабарын тарату операторларына қызмет көрсету сервисін қалпына келтіру 16 қыркүйекте шамамен сағат 12:00-ге жоспарланған.

«KazSat-3» ғарыш аппаратындағы бұл жағдайдың себебін анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша аппаратты құрастырушы кәсіпорын қажет болған жағдайда спутниктің бағдарламалық жүйесін жетілдіру бағытында тиісті ұсыныстарды әзірлейді», – делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Қазтелерадио» АҚ қазақстандық KazSat-3 спутнигіндегі төтенше жағдайға байланысты OtauTV пакеттеріндегі кейбір қазақстандық және шетелдік телеарналар жұмыс істемей тұрғанын мәлім етті.

Сонымен қатар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл жағдайға қатысты түсінік берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<