Қазақстанда 32 градусқа дейін аяз болады

351

0

Сурет: unsplash

«Қазгидромет» РМК мамандары Zakon.kz тілшісіне алдағы үш күнге – 2024 жылғы 13 ақпан мен 15 ақпанға дейінгі ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің мәліметінше, елімізде ауа температурасының құбылуы күтілуде.

«13-14 ақпанда фронтальды учаскелердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, солтүстік облыстарда қатты қар жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ батыста -5+5°С, солтүстік, орталық шығыс облыстарда -5+2°С дейін көтеріледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Болжам бойынша, 15 ақпанда Қазақстан аумағынан циклон шығады, оның орнын қарсыз арктикалық антициклон алады, ол республиканың солтүстік жартысында аязды қайтарады.

«Елдің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанға қарай ауа температурасы түнде -22-32°С, күндіз -15-27°С дейін төмендейді деп күтілуде», – делінген «Қазгидромет» РМК.

Сондай-ақ синоптиктер еліміздің қалған аумағында температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейтінін атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<