Қазақстанда «Арқан тартыс» федерациясы жұмысын бастады

370

0

Фото: vk.com

Арқан тартыс әлемнің 75 елінде ресми спорт ретінде тіркеліп, жүйелі жұмыс істеп келеді. Бұл туралы Арқан тартыс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған спорт түрі биыл елімізде өтетін 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының негізгі бағдарламасына енген.

Жаңадан құрылған Республикалық федерация президенті болып Ілиясов Еркебұлан Сайдоллаұлы тағайындалды. Ілиясов Еркебұлан Сайдоллаұлы — «Alageum Electric» Директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның электр машиналарын жасау қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасы, YPO Kazakhstan мүшесі. 2023 жылдан берi «Жамбы ату федерациясы» РҚБ президентi қызметiн атқарып келедi.

«Жаңа басшының тағайындалуымен «жамбы атy» спорты қарыштап дамып, елiшiлiк бiрнеше жарыс кең көлемде ұйымдастырылды. Сонымен қатар алғаш рет «Тайтұяқ» жүлдесi сарапқа салынды. 

Жаңадан құрылған федерация Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына арқан тартыстан қатысатын ел құрамасын жасақтауды көздеп отыр. Осыған орай еліміздің 5 аймағында іріктеу жарыстары өтеді.

Жарыс ІІ кезеңнен тұрады:

І кезең — аймақтық (орталық, солтүстік, шығыс, батыс, оңтүстік) іріктеу жарыстары;

ІІ кезең — ақтық кездесулер (финал).

Әр аймақтық іріктеуде жеңімпаз атанған командалар ІІ кезеңге жолдама алады.

1) Орталық аймақтық іріктеу: Астана қаласы 13.02.2024 ж.

2) Солтүстік аймақтық іріктеу: Көкшетау қаласы 17.02.2024 ж.

3) Шығыс аймақтық іріктеу: Семей қаласы 20.02.2024 ж.

4) Батыс аймақтық іріктеу: Атырау қаласы 24.02.2024 ж.

5) Оңтүстік аймақтық іріктеу: Тараз қаласы 28.02.2024 ж.

6) Ақтық кездесулер (финал): Астана қаласы 6-7.03.2024 ж.

Ерлер арасында: 8 спортшы, 2 алмастырушы спортшы, салмақ дәрежелері 720 келі.

Әйелдер арасында: 8 спортшы, 2 алмастырушы спортшы, салмақ дәрежесі 560 келі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<