Қазақстанда автокөлік сатып алушылардың саны артқан

240

0

Фото: Kazinform

Желтоқсан айында 179,4 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлады Қазақпарат.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 44,5% артқан. Оның ішінде автобустар 24,5%, жүк автомобильдері 38% сондай-ақ жеңіл автомобильдер санын тіркеу 45,2% ұлғайған.

2024 жыл басындағы Қазақстан автопаркінің көліктің шығарылған жылы бойынша көрінісі:

  • 20 жылдан асқан — 2 459 мың автомобиль
  • 10-нан 20 жылға дейін — 1 265,6 мың автомобиль
  • 7-дан 10 жылға дейін — 680,7 мың автомобиль
  • 3-тен 7 жылға дейін — 590,8 мың автомобиль
  • 3 жылға дейін — 319,7 мың автомобиль

«2023 жылдың 12 ай ішінде 15 886 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 22 097 адам зардап шеккен. 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда оқиғалар саны 7,1%, зардап шеккендер саны 2,5% өскен» – делінген хабарламада. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<