Қазақстанда күн жылынады

426

0

Сурет: pixabay

«Қазгидромет» РМК мамандары Zakon.kz тілшісіне Қазақстанда алдағы үш күнде – 2024 жылдың 3-5 ақпанында ауа райы қандай болатынын айтып берді.

Болжам бойынша, демалыс күндері Қазақстан бойынша синоптикалық жағдайды Скандинавияның солтүстігінде орналасқан Атлантикалық циклон анықтайды.

«Елдің басым бөлігінде қарлы боранмен, екпінді жел және көктайғақ, әр түрлі фазаларда бұлттылық пен ошақты жауын-шашын болады… Атлантикалық циклон да республиканың барлық дерлік аумағында температураның біртіндеп көтерілуіне себеп болады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктердің айтуынша, республиканың оңтүстік облыстары ғана «антициклонның қорғауында әлі де болса, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз сақталады».

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК мамандары Қазақстандағы су тасқынының алдын ала болжамын ұсынған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<