Қазақстандықтар енді Доминиканға екі айға визасыз бара алады

334

0


Қазақстандық туристер енді Доминикан Республикасына 60 күнге визасыз бара алады. Екі ел Үкіметінің сыртқы істер ведомстволары уағдаласқан келісім жобасы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жарамды жол жүру құжаттары бар ҚР азаматынан Доминикан Республикасына 60 күннен аспайтын уақытқа бір немесе бірнеше рет барғанда, транзитпен өткенде және уақытша болған кезде визалық талаптар сұралмайды. Аталған ел аумағында болған кезінде өзінің құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматы сол мемлекеттегі Қазақстан елшілігіне немесе консулдық бөлімшелеріне барып, өкілдіктер ұсынған уақытша құжат арқылы Доминикан аумағынан тыс жерлерге шыға алады», – делінген қаулыда.
Еске сала кетейік, бұған дейін ел тұрғындары Албания мемлекетіне 90 күнге визасыз бара алатынын жазып едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<