Шілдеде қанша күн демаламыз?

752

0

Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін биыл шілдеде 20 жұмыс күні және 11 демалыс күн болады. Алты күн жұмыс істейтіндерге 25 жұмыс күні және алты демалыс күн болады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шілдеде қазақстандықтар екі мерекені атап өтеді – Астана күні және Құрбан айт. Биыл Астана күні – 6 шілде, яғни сәрсенбіге келеді. Бұл ретте демалыс күндер басқа күнге ауыстырылмайды. Осылайша, қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында да, алты күндік жұмыс аптасында да бір күн – 6 шілдеде демалады.

Мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні сенбі, 9 шілдеге келеді. Бұл күн демалыс күні болған соң әрі сенбіге түсетіндіктен, басқа күнге ауыстырылмайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<