Қазақстанның бұрынғы cыртқы істер вице-министрі қайтыс болды

223

0

Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанның бұрынғы cыртқы істер вице-министрі Асқар Мусинов 63 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы СІМ хабарлады.

«Мемлекет қайраткері, қазақтың көрнекті дипломаты, төтенше және өкілетті елші Асқар Мусинов 63 жасында кенеттен қайтыс болды. Ұзақ мерзімді дипломатиялық қызмет барысында ол Қазақстан Республикасының СІМ орталық аппаратында және шет елдердегі мекемелерінде өзі жетекшілік ететін жұмыстың барлық бағыттарында Қазақстанның мүдделерін тамаша қорғап, алға қойылған міндеттерді кәсіби түрде шешуде қабілеті мен терең білімін көрсете білді».Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Асқар Мусинов СІМ жауапты хатшысы және Сыртқы істер министрінің орынбасары ретінде ол Таяу Шығыс және Африка құрлығы елдерімен екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға, консулдық қызмет пен мемлекеттік протоколды дамытуға зор үлес қосты.

Ол Мысырдағы, Сауд Арабиясындағы, Біріккен Араб Әмірліктері мен Оңтүстік Африка Республикасындағы төтенше және өкілетті елші қызметін атқара жүріп, Қазақстан Республикасының мүдделерін кәсіби түрде ілгерілетіп, қорғады. Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы бас хатшысының ғылым және технология жөніндегі орынбасары және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының бас директоры ретінде қызмет етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<