Құрылтай

Қазақстанның республикалық бюджетінің кірісі 24,6% өсті

4

0

Фото: Stan.kz

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің кіріс бөлігі толық көлемде атқарылды, ал мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемесі уақытылы қаржыландырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкімет отырысында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов баяндады. Оның айтуынша, трансферттерді есепке алмағанда, республикалық бюджет кірістері –  8,5 триллион теңге немесе жоспарға 100,6%.

Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кіріс 1,7 триллион теңгеге немесе 24,6% өсті. Салық түсімдері – 8,3 триллион теңге немесе жоспарға 100,3%. Өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда салық түсімдер 29% өсті немесе 1,9 триллион теңгеден асады.

«Кірістер серпініне негізгі экспорттық тауарлар бойынша бағаның өсуі, сондай-ақ сыртқы сауда белсендігі оң әсер етті. Бұдан бөлек электрондық жүйесі бойынша сату айналымдары 12% немесе 10,8 триллион теңгеге өсті», — деді Ержан Біржанов.