Полиция қызметі – жауапкершілігі мол әрі қоғамдық қатынаста азаматтардың құқығын қорғау үшін белгілі бір функцияны орындайтын мамандық. Маңызды қызметтің жүгін абыроймен арқалап жүрген қызметкерлердің бірі Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Өскенбаев Алтынбек Тұрарбекұлы.
2000 – 2002 жылдар аралығында әскери борышын Орал қаласында өтеп, Ішкі істер органдарындағы қызметін 2003 жылы Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде күзет бөлімінің бақылаушысы болып бастаған ол, қазіргі таңда әділет подполковнигі шенінде мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары. 1978 жылдың 30 қаңтарында Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1985-1995 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы №212 орта мектепті бітіргеннен кейін, Павлодар қаласындағы Ішкі істер министрлігінің заң колледжін «құқықтану» мамандығы бойынша сырттай білім алып шыққан.
Өзінің келешек мамандығын Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет етумен байланыстырған жас маман 2009 – 2013 жылдар аралығында Қостанай заң академиясын аяқтаған. Қатардағы бақылаушы лауазымынан, мекеме бастығының орынбасары, подполковник шеніне дейін аянбай еңбек етуі арқасында бірнеше медаль, құрмет грамоталарымен марапатталған.