Қостанайдағы 5 жасар қыздың жоғалуы: іздеу бағыты өзгерді

302

0

Қостанай облысында жоғалып кеткен 5 жасар Мадина Ерланқызын іздеу шаралары тыныш режимде жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Қостанай облысы ПД баланың ерекшеліктерін ескере отырып, іздеуді тыныш режимде жүргізіп жатыр. Аумақты тінту бағыты өзгерді. Бұрын аумақты зерттеу Тобыл өзенінің бойымен жүргізілсе, енді Тобылдан Жамбыл ауылына қарай бағыт алады. Түнде жылу таратқышы бар арнайы бөлімшелер жұмыс істеді, барлау тактикасы қолданылды. Таңертең 4 бағытта 100 шақырымға дейін созылған іздеу аймағын айналып өту қайта басталды, – делінген хабарламада.

Еріктілер, жанашыр азаматтар, сондай-ақ, Ұлттық ұлан, ШҚ, ҚР ҰҚКД әскери қызметшілері, кинологтар, полицейлер, ТЖД және басқа да құқық қорғау, арнайы органдар қызметкерлері іздеуді жалғастырып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Желіде Қостанай облысында жоғалып кеткен 5 жасар қыздың видеосы жарияланғаны хабарланған болатын. Кейін ерікті оны қалай көріп қалғанын айтып берген еді.