Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кентінде жаңадан салынып жатқан теміржол вокзалы ғимаратын аралап көріп, құрылыс жұмыстарын бақылады.
Қазіргі таңда нысанда ішкі әрлеу, шатыр жабу, инженерлік инфрақұрылым жүргізу және аумақты абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Аудан әкімі құрылыс сапасы мен жұмыс қарқынына ерекше назар аударып, мердігер мекеме өкілдеріне белгіленген талаптардың мүлтіксіз орындалуын тапсырды.
Сонымен қатар, жауапты сала басшыларына құрылыс мерзімін созбай, барлық жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтау, вокзал аумағын талапқа сай көркейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі





