Бес күн бұрын суға батып кеткен журналистің денесін тапты

560

0

Ақмолалық құтқарушылар суға кеткен қыздың денесін тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар бес күн бұрын суға батқан қыздың денесін іздегені атап өтілді.

Еске салайық, қайғылы оқиға Арнасай аулының маңындағы Астана су қоймасында болған, бойжеткен гидроскутермен келе жатып суға батып кеткен. Іздестіру жұмыстарына қатты жел мен су қоймасының түбіндегі өсімдіктер кедергі келтірген.

Оқиға орнында 10 құтқарушы, іздестіру иті, моторлы қайықтар жұмыс істеді.

Суға кеткен қыздың Atameken Business News ақпарат агенттігінің қызметкері екені хабарланған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<