Қызғалдақ терген 22 жастағы бойжеткенге 11 миллион теңге айыппұл салынды

454

0

Фото: ашық дереккөз

Ол Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, өз парақшасына жариялаған, деп хабарлады Kyn.kz.

Түркістан облысының полициясы «Грейг» қызғалдақтарын тамашалауға келген тұрғындар мен қонақтарға Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлғаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Полиция әлеуметтік желілерді бақылау барысында жас қыздың қызғалдақтарды жұлғаны туралы бейнежазбаны тапты. Тексеру кезінде оның Ордабасы ауданының 22 жастағы тұрғыны екені анықталды.

Ол Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, өз парақшасына жариялаған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<