Конституция

Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының атын жамылған алаяқтар пайда болды

7

0

Фото: Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы

«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ өзін компания қызметкері ретінде таныстырып, тұрғындарды мазалайтын алаяқтар пайда болғанын ескертті.

Олар тұтынушыға қоңырау соғып, электр есептегішін тексеру қажет екенін немесе жарықты ажырататынын айтып қорқытады.

– «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ электр желілеріне қызмет көрсету және электр есепке алу құралдарына қатысты барлық жұмысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады. Компания қызметкерлері тексеру немесе басқа да іс-шараларды жүргізу кезінде міндетті түрде қызметтік куәлігін көрсетеді. Тұрғындарға телефон арқылы қысым көрсетіп, қорқыту әрекеттерін жасамайды. Егер белгісіз біреулер өздерін компания қызметкері ретінде таныстырып, «тексеруге рұқсат бермесеңіз, электр энергиясы ажыратылады» деп немесе басқа да талаптар қойса, олардың сөзіне сенбеңіз. Ешкімге жеке деректеріңізді, банк картасының мәліметтерін, SMS арқылы келген растау кодтарын бермеңіз, – делінген хабарламада.

Компания басшылығы күмәнді жағдайда ақпаратты компанияның ресми байланыс арналары арқылы нақтылауды сұрайды.