Қызылорда облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

960

0

Қызылорда облысы прокурорының орынбасары болып әділет кеңесшісі Мырзабаев Бахытжан Әбдіжаппарұлы тағайындалды.

Мырзабаев Бахытжан Әбдіжаппарұлы прокуратура органдарындағы қызметін 2003 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім бастығы, Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары, Қармақшы ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазалы ауданының прокуроры лауазымын атқарған.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 19 жылдан астам.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<