Қызылорда облысында 800 тең шөп жанып кетті

504

0

Қызылорда облысында 800 тең жоңышқа шөбі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

29 қазан күні сағат 16.26-да Жаңақорған ауданы №14 cөндіру бөлімінің байланыс бекетіне хабарлама түскен. Онда ауданға қарасты Билібай ауылындағы тұрғын үй маңында шөп өртеніп жатқаны айтылған.

«Оқиға орнына кезекшіліктегі жеке құрам арнайы техникамен жетті. Онда ашық алаңға жиналған 800 тең жоңышқа және 3 тіркемеге тиелген жантақ шөбі өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің беті сағат 17.07-де қайтарылды. Оттың тұтану себебі анықталып жатыр. Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», – деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<