Қызылордада қарыз алған танысын пышақтап өлтірген тұрғын сотталды

256

0

Фото: Kazinform

Қызылорда облысында қарыз алған танысын пышақтап өлтірген адам 14 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Қазақпарат.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Сотталушы берешек ақшаны қайтарып алу үшін 2023 жылдың тамыз айында Қызылорда қаласынан Сексеуіл кентіне барған. Онда танысымен сөйлесу барысында екеуінің арасында жанжал туындаған. Салдарынан сотталушы жәбірленушіге жақындап келіп, жүрек тұсынан пышақпен ұрған. Ауыр жарақат салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған», – деп мәлім етті Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан.

Ведомство мәліметінще, сот үкімімен сотталушы С. ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 10 млн теңге моральдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<