Қызылорда облысында серіктестіктің бұрынғы төрағасына іздеу жарияланды

244

0

Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

Қызылорда облысында серіктестіктің бұрынғы төрағасына іздеу жарияланды. Оған ҚР Қылмыстық Кодексінің «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» дерегі бойынша айып тағылып отыр.

Қызылорда облыстық полиция департаменті «Мади-Қажы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы директоры Сейіткамал Абзалұлы Сұлтановқа іздеу жариялады.

«Оған ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» дерегі бойынша айып тағылды. Ол 1973 жылы 27 қарашада дүниеге келген. Қазірге дейін «Мади-Қажы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы директоры қызметін атқарған.

Іздеуде жүрген күдіктіге қатысты қандай да бір мәлімет берген жағдайда анонимдік сақталады.

Ақшалай сыйақы қарастырылады. Бас шарасы:«қамауға алу»,

Байланыс телефондары: 102. 8-(7242) 29-57-07, 29-50-08, 29-70-10, сенім телефондар 8-(7242)-29-57-07, 8-701-369-55-35», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<