Қызылорда облысында үш мәрте егіз босанған ана тұрады

806

0

Фото: Қармақшы таңы газеті

Қызылорда облысында үш мәрте егіз босанған ана тұрады. Қармақшы ауданына қарасты Ақтөбе ауылының тұрғыны Жанбота Өтебалиева бүгінде отбасында сегіз баланы тәрбеиелеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Ақтөбе ауылында тұратын Еркін Раевқа тұрмысқа шыққан. Бүгінде отағасы шаруашылықта қойма меңгеруші қызметін атқарады. 

Жанбота 1987 жылы Арал ауданында дүниеге келген. Отбасында 5 бала өскен. Негізінен егіздер анасы жағынан тарағанын айтады. 

«Отбасында алдымдағы бауырларым егіз болды. Қазір өзім тұрмыс құрып, Алланың берген сегіз ұл-қызын тәрбиелеп отырмын. Қыздарым Меруертім Қызылордада студент болса, Гүлжайнарым 9-сыныпта оқиды. Егіздердің үлкені 2014 жылғы Әсет пен Әсел 3-сыныптың білім алып жатса, одан кейінгі екінші егіздер 2016 жылы өмірге келген Ғазиза мен Фариза 2-сыныпта оқиды. Үшінші егізіміз Әлихан мен Әлижан өткен жылдың 26 желтоқсанында өмір есігін ашты», – дейді көпбалалы ана. 

Отбасында екі егіздің есімін әкелері қойған. Ал егіз қыздарға есімді әжесі өзі беріпті. 
Көпбалалы ана егіздердің барлығын да табиғи жолмен облыстық «Ана мен бала» орталығында босанған.

Айта кетсек, орталықта былтыр 11 010 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде 151-і егіз болса, 3-і үшем.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<