Қызылордада бес айда есірткіге қатысты 96 құқық бұзушылық анықталды

408

0

Фото: СҚО полиция департаменті баспасөз қызметі

Қызылорда облысында биыл бес айда есірткіге қатысты 96 құқық бұзушылық анықталды. Ол былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19 дерекке аз болып отыр.

Бұл оқиғалардың 12-сі есірткі өткізу, 1-уі есірткі жарнамалау, 1-уі есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау болса, 13-і есірткі өсіруге қатысты екені анықталды.

«Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 22 келіден астам есірткі заты алынса, оның ішінде 267,1 граммы – синтетикалық есірткі заттары. Биылғы жылдың сәуір айында үй ауласындағы жылыжайда сора өсімдігін өсіріп, марихуана өндірген қала тұрғынынан фито-зертхана анықталды. Одан 214 түп сора өсімдігі мен 5 келіден астам марихуана және гашиш есірткі заттары заттай дәлел ретінде алынған», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Сондай-ақ мамыр айында Қызылордадан Астанаға марихуана есірткі затын аса ірі мөлшерде тасымалдаудың 1 дерегі анықталды. Ішкі бақылаудағы жеткізілім әдісі бойынша қылмыскер Астана қаласында қолға түскен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада есірткі сатпақ болған бұрынғы мұғалім ұсталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<