Қызылордада бес жасар қыздың саусағындағы сақинаны құтқарушылар шешіп берді

801

0

Фото: Бейнежазбадан скриншот

Құтқарушылар 5 жасар қыздың саусағынан тар сақинаны алып тастауға көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерекше жағдай бүгін Қызылорда қаласында орын алған. Сақина баланың саусағын қысып, оны көмексіз шеше алмағаны белгілі болды. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қысқа уақыт ішінде қыз баланы жарақаттамай, арнайы сым кескіштермен кесіп, саусағын босатты.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласуды ескертіп, құтқарушылар әрдайым көмекке келуге дайын екендігін қаперге салып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<