Қызылордада бортында 3 адам бар АН-2 ұшағы 8 сағаттан кейін табылды

232

0

Фото: видеодан алынды

Кеше Төтенше жағдайлар министрлігінің кезекші бөліміне Қызылорда облысында АН-2 ұшағының  мәжбүрлі түрде қонғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Таң-Құмкөл бағытында ұшқан ұшақтың бортында 3 адам бар екен.

  • Олардың қайда екені белгісіз еді. Байланыс орнату мүмкін болмады. Жедел іздестіруге Төтенше жағдайлар және Полиция департаменттерінің күш-құралдары тартылды. Сонымен қатар ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды, – делінген ведомство хабарламасында.

Іздестіру тобы жоғалғандарды 8 сағаттан кейін айдаладан тауып, Сырдария ауданының Тереңөзек кентіне жеткізді. Олар медициналық көмекті қажет етпеген.

Ал жақында Қызылорда облысында «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ тікұшағы арқылы науқас сәби емдеу мекемесіне жеткізілді.