Қызылордада жоғалған бала ауылдағы әжесінің үйінен табылды

535

0

Қызылорда қаласында түн ішінде жоғалып кеткен 12 жасар бала ауылдағы ата-әжесінің үйінен аман-есен табылды.

Еске салсақ, 2009 жылдың 8 мамырында дүниеге келген Бектураз Сазаков бүгін, 26 мамырда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан кейін үйіне қайта оралмаған .

Ол жөнінде 27 мамыр түнгі 02.00 шамасында полицияға арыз түскен.

«Іздестіру жұмыстарына облыстық полиция департаментінің, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Бұл жөнінде әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар ақпараттандырылды. Полиция қызметкерлері қаланың көп қабатты шатырлары, өжірелері және ауладағы люктары,саяжайлардағы тастанды үйлер, құрылысы бітпеген ғимараттар, жертөлелерді қарап шықты. Сондай-ақ, қаланың барлық аумағында жоғалған баланың фотосуреті көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде жоғалған кәмелетке толмаған бала Жалағаш ауданынан табылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция басқармасынан.

Ведомство мәліметінше, ол ауылда тұратын ата-әжесінің үйіне кетіп қалған. Бала аман-есен.

Қазіргі таңда ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімнің үйден кетіп қалу себебін анықтап жатыр.

Әділжан ҮМБЕТ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<