Қызылордадағы ірі жол апатынан қаза тапқандардың саны төрт адамға жетті

620

0

Фото: ашық дереккөз

Жұма күні түнде болған апат кезінде оқиға орнында 3 азамат көз жұмған болатын. Ауруханаға жеткізілген тағы бір адам да сол түні қайтыс болған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Айта кетейік, Хон Бом До көшесінің бойында «Лада» жеңіл көлікпен ассенизатор соғысқан болатын. Апаттың қатты болғаны сонша, оқиға орнында 3 адам тіл тартпай кетті. Тағы бір азамат ауруханаға жеткізілген. Алайда ол аурухана төсегінде көз жұмған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

– Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<