Қызылордалық жүргізушілер жаңажылдық шыршаны көліктен жасады (видео)

481

0

Фото: Аян Ибрагимов

«Instagram» әлеуметтік желіде қызылордалық жастардың көліктерін жаңа жылдық шыршаға ұқсайтындай етіп қойған видеосы жарияланды. Акцияны бірден ондаған адам қолдаған.

Көліктер жаңажылдық гирляндалармен безендіріліп, жарқыраған шамдардың әсерінен жаңажылдық шыршаны көруге болады.

– Шыршаның әдемі және көрнекі болуы үшін 80 көлік жиналды, – дейді ұйымдастырушылардың бірі, қызылордалық Аян Ибрагимов. – Бұл акцияға көптеген жергілікті автоклубтар мен белсенді тұрғындар қосылды. Шыршаны салу үшін біз көлік базарын жалға алдық және оған үш сағаттай уақыт кетті.

Ондаған көлік жүргізушілері бір мезетте көліктерінің шамдарын жағады, әсерінен шырша мерекелік шамдармен жарқырағандай әсер қалдырады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<